«ÖzgerTeam» қоғамдық қоры
Біз қоғамдағы оң өзгерістерге ұмтылатын адамдарды, идеяларды және жобаларды біріктіреміз.
Идеялар мен жобаларды жүзеге асыру үшін Сіз әрқашан бізге жаза аласыз:
ozgerteam@gmail.comБіз қоғамдағы оң өзгерістерге ұмтылатын идеяларды, жобаларды және адамдарды біріктіреміз.
Мақсаты:Маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу, қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдау және балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
«OzgerTeam» қоғамдық қоры 2024 жылдың маусым айында құрылды және қоғамдық маңызды жобаларды, білім беру жүйесін қолдауға, сондай-ақ балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Қор құру идеясы 2023 жылдың қарашасында басталған «OzgerTeam» Ұлттық бастамасынан бастау алады. Ұлттық бастаманың арқасында қорда қоғамдағы оң өзгерістерге бағытталған жобаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыратын өңірлік серіктестер бар.

Қордың Қызметі
Қор қызметінің негізгі бағыттары:
- оқыту бағдарламалары мен білім беру жобаларын әзірлеу;
- жаңа ойын-сауық-білім беру,зияткерлік бағдарламаларды құру;
- жастарға арналған шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу бойынша тренингтер, семинарлар мен дәрістер, зияткерлік пікірсайыс ойындарын, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу;
- білім беру мекемелеріне (ұйымдарына) әлеуметтік белсенді тұлғаны дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізуге қолдау көрсету;
- пікірсайыс турнирлерін, зияткерлік ойындарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- мәдениет, білім, спорт, өнер, денсаулық сақтау, экология, тіл саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды, сондай-ақ жастарды дамытуға бағытталған жобаларды әзірлеу, қолдау және іске асыру.
Басшылық «ÖzgerTeam»

"ÖzgerTeam" қоғамдық қорының басшысы, "JCI" компаниясының Басқарушы директоры, қоғаммен байланыс (PR), ішкі коммуникациялар және адам ресурстарын дамыту (HR) саласындағы жоғары білікті маман.

"ÖzgerTeam" жобалық кеңсесінің басшысы, "JCI" компаниясының Басқарушы директоры, қоғаммен байланыс (PR), ішкі коммуникациялар және адам ресурстарын дамыту (HR) саласындағы жоғары білікті маман.
Орталық мемлекеттік органдарда (ҚР Парламенті Мәжілісі, Қаржы полициясы агенттігі, ОКҚ, ҚР ИИДМ, ҚР ҚМ МКК және т.б.) және квазимемлекеттік секторда (Азаматтарға арналған Үкімет, Ұлттық Технологиялық даму агенттігі) басшылық жұмыс тәжірибесі бар.
Жастарға арналған заманауи контент тұжырымдамаларын әзірлеумен және енгізумен айналысты. Пікірсайыс қозғалысын аламнигі бола отырып, соңғы екі жыл Қазақстандағы пікірсайысты жандандыруға белсенді қатысты. Мемлекеттік және ведомстволық , оның ішінде "ақпараттық саланың үздігі" марапатына ие болды.

ÖzgerTeam" қоғамдық қорының үйлестірушісі, жобаларды дамыту саласындағы маман. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің, мемлекеттік қызметтердің SMM дамытуға жауапты болды.

ÖzgerTeam" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, жобаларды дамыту саласындағы маман. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінің, мемлекеттік қызметтердің SMM дамытуға жауапты болды.
Сондай-ақ, "Ел Үміті" ұлттық бастамасы шеңберінде телевизиялық және медиа жобаларды, оның ішінде фильмдер мен сериалдардың үйлестірушісі болды.

"OzgerTeam" қоғамдық қорының үйлестірушісі, бірқатар әлеуметтік жобалардың авторы (жастар саясатында 10 жылдық тәжірибиесі бар)


"OzgerTeam" қоғамдық қорының үйлестірушісі


"ÖzgerTeam" қоғамдық қорының үйлестірушісі, қоғамға пайдалы жобаларды әзірлеу және іске асыру саласындағы жоғары білікті маман.

"ÖzgerTeam" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, қоғамға пайдалы жобаларды әзірлеу және іске асыру саласындағы жоғары білікті маман.
Республикалық жобаларын үйлестіру бойынша тәжірибесі бар. Оның ішінде: "Жастар кадрлық резерві", "Өрлеу", "Amanat "партиясының кубогына арналған Республикалық пікірсайыс турнирі, "Рухани жаңғыру" Республикалық жобалық кеңсесінің "Туған жер" жобасын іске асыру шеңберіндегі жобаларды үйлестіру. "Белсенді қызметі үшін" және "Құрмет" мемлекеттік және партиялық марапаттарына ие.
"Орталық Азия елдерінің жастар саясатының Ташкент декларациясы" және "Lisbao 21" жастар саясаты саласындағы халықаралық декларацияларды әзірлеуге қатысты.
Жобалар
«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының серіктесі болған қатысушылар өздерінің өнімді бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау және «Sana» Қоғамдық қоры іске асыратын жобалардың өңірлік үйлестірушісі болу мүмкіндігіни ие болады.