Өтініш беру

700-ден астам педагог пікірсайыс технологияларын оқытудың жаңа тәсілдерін үйренді

«OzgerTeam» қоғамдық қоры «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп, еліміздің барлық өңірлерінде 700-ден астам педагогты дебаттық технологиялар арқылы мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиелеудегі инновацияларға оқытты.
700-ден астам педагог пікірсайыс технологияларын оқытудың жаңа тәсілдерін үйренді
Фото: ozgerteam

Еске салайық, 19-20 тамызда Астанада республикалық оқыту семинары өтті. Онда НЗМ және барлық облыстардың жалпы білім беретін мектептерінен 40-тан астам педагог Дүниежүзілік мектеп пікірсайыс форматы (WSDF) және пікірсайыс клубтарының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері бойынша білім алды.
Өз кезегінде олар өз аймақтарында басқа мектептердің дебат клубтарының жетекшілеріне өздері меңгерген жаңашылдықтар бойынша тренингтер өткізді.
Жақын арада педагогтар алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады. Астанада Респбублика күніне орай Астанада һтетін JasREPUBLIC CUP Ұлттық турнирі аясында қыркүйек айының соңында әр облыста мектеп оқушылары арасындағы іріктеу пікірсайыс турнирлері өтеді. Сонда өз командаларын дайындап қатыстыра алады.
Ұлттық турнирде аймақтардың жеңімпаз командалары бас жүлде – 1 млн теңгені сарапқа салады.