Өтініш беру

Ауыл мектептері жанындағы пікірсайысшылардың енді өз – Auyl CUP ұлттық турнирі бар

Ауыл мектептері жанындағы пікірсайысшылардың енді өз – Auyl CUP ұлттық турнирі бар
Фото: ozgerteam

Қазақстанда алғаш рет тек ауылдық пікірсайыс командалары қатысқан «Auyl CUP» Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнир «OzgerTeam» Қоғамдық қоры мен ҚР Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Ауыл» партиясының және «Ansa» жеке қорының қолдауымен, сондай-ақ Халықаралық Ш.Мұртаза атындағы университетінің серіктестігімен ұйымдастырылды.

 

«Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай өткен «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз» атты турнир, ауыл пікірсайысшыларының ауылдың және ауыл шаруашылығының мәселелерін талқылаумен қатар, оларды шешудің өз бағдарламаларын ұсынған платформаға айналды. Турнирге демеушілік көрсеткен «Ауыл» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев партияның жастармен жұмысын күшейтіп жатқанын, әсіресе мектеп оқушылары мен студенттердің интеллектуалдық және бизнес жобаларын қолдайтынын атап өтті.

 

Турнирге еліміздің 17 аймағында өткен турнирдің іріктеу кезеңіне шамамен 1 мыңға жуық мектеп оқушысы, студент және педагог қатысты.

 

Турнирдің жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрады.
Турнир нәтижесі: 

I орын - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынаағаш ауылының «Суетолог» фракциясы. Командаға 500 мың теңге ақшалай жүлде берілді.

II орын - Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылының «Жаңа жастар» командасы жеңіп алды.

III Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Дариян ауылынан келген «Икигай» фракциясы 200 мың теңге ақшалай жүлде алды.

Турнирдің үздік спикері  - Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылының «Триумф» фракциясының спикері Айнұр Дәуірхан атанды. Ол 100 мың теңге жүлдеге ие болды.

 

Үздік төреші деп республикалық және ұлттық студенттік турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, теледидарлық дебат бағдарламаларының қатысушысы Дархан Өмірбеков танылды.