Өтініш беру

Барлық аймақтарда жас пікірсайысшылар елдің дамуына маңызды тақырыптарды, оның ішінде АЭС салу қажеттігі де талқылайды.

«OzgerTeam» қоғамдық қоры «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе отырып, «Республика» партиясының қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында «Әділ, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбында іріктеу пікірсайыс турнирлерін өткізуде.
Барлық аймақтарда жас пікірсайысшылар елдің дамуына маңызды тақырыптарды, оның ішінде АЭС салу қажеттігі де талқылайды.
Фото: ozgerteam

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Республика күні қарсаныңда Астанада өтетін Ұлттық JasREPUBLIC CUP турниріне қатысады.

Жас пікірсайысшылар патриотизмге негіз болатын құндылықтар жүйесін, ChatGPT-дің зияны мен пайдасын, АЭС салу қажеттілігін талқылайды. Сондай-ақ Қазақстанда тұруға ең қолайлы қаланы анықтауға тырысады және қоғамда оптимизмді арттыру бағытталған шаралар ұсынады.

Бас жүлде – 1 000 000 теңгені өңірлерден келген мықты командалар сарапқа салып, үздік спикерлер мен төрешілер де жекелеген номинациялар бойынша марапатталады.

Барлық раундтар World Schools Debat Format (WSDF) бойынша өткізіледі.