Өтініш беру

I мектеп пікірсайыс клубтары Құрылтайы дегегаттарының Қазақстан пікірсайыс қауымдастығына ҮНДЕУІ

I мектеп пікірсайыс клубтары Құрылтайы дегегаттарының Қазақстан пікірсайыс қауымдастығына ҮНДЕУІ
Фото: ozgerteam

I мектеп пікірсайыс клубтары

Құрылтайына

қатысушылардың Қазақстан пікірсайыс қауымдастығына

ҮНДЕУІ

 

 Біз, I мектеп пікірсайыс клубтары Құрылтайының делегаттары

- Осы жиынға қатысудағы ерекше міртебемен қатар, айырықша жауапкершілігімізді сезіне отыра,

- Пікірсайыс технологиялары мен пікірсайыс қозғалысының жеткіншек ұрпақтың дамуына маңыздылығын түсіне отыра,

- Бүгінгі заманда белсенді қоғам мүшесі және жауапкершілік арқалай алатын азамат, сондай-ақ жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруда озық біліммен қатар, іргелі тәрбиенің қажеттігін ескере отыра,

- Облысымыз бен қаламыздың пікірсайыс қауымдастығының мүддесінде және олардың өкілі ретінде,

Жас буынның белсенді, білімді, бастамашыл, әрі мақсатшыл бөлігі болып табылатын Қазақстанның пікірсайысшы жастарын:

  • Өзге біліммен қатар пікірсайыстың үйрететін білімі мен дағдыларын барынша МЕҢГЕРІП, беретін мүмкіндіктерін толық ПАЙДАЛАНУҒА,
  • Басқа жастардың дамудың кілті болып табылатын пікірсайыс технологияларын үйренуге КӨМЕКТЕСУГЕ, оның кең таралуына ЖАҒДАЙ ЖАСАУҒА, басқа жастарға НАСИХАТТАУҒА,
  • Пікірсайысшылар қауымдастығында ұрпақтар сабақтастығын үзбей, дамыта отырып ЖАЛҒАСТЫРУҒА,
  • Адамзаттық және азаматтық құндылықтар мен қағидаларды ДӘРІПТЕП, ТАРАТУҒА,
  • Пікірсайысшы мәртебесін биік ұстап, оған кір келтірмейтіндей МІНСІЗ БОЛУҒА,
  • Қазақстан заңдарын қатаң ұстанып, ӘДІЛ және АДАЛ БОЛУҒА,
  • Қазақстан жастарының маңдайалды, үлгілі және белсенді БӨЛІГІ БОЛУҒА,
  • Жүрген жерімізде САНАЛЫ ОРТА ҚҰРУҒА,
  • Елдің мүддесінде қызмет жасау үшін БІРІГУГЕ,
  • Әділетті, Қауіпсіз, Таза және Саналы Қазақстан құруға үлес қосуға шықырамыз!