Өтініш беру

OzgerTeam ұлттық бастамасы: аймақтардағы жобалар

OzgerTeam ұлттық бастамасы: аймақтардағы жобалар
Фото: ozgerteam

OzgerTeam Ұлттық бастамасының бірінші топтағы аймақтық серіктестері жобаларын сәтті қорғады және өз өңірлерінде жүзеге асырып бастады.

Қолдау тапқан жобалар – еліміздің одан әрі дамуы үшін, саналы құндылықтары мен қағидалары бар өркениетті қоғамды құрудағы оң өзгерістерді қолдауға бағытталған.

Айта кетсек, Қызылорда облысындағы NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Ozger Orda» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Zaisandy özgertem» медиа-жобасы, сондай-ақ жастарға арналған пікірсайыс алаңы және зиялы орта құруға әрі дамытуға бағытталған «Ұлттық мұра» (Солтүстік Қазақстан облысы) және «OzgerU» (Маңғыстау облысы) жобалары жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қараша айында еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам адам іріктеуге қатысып, олардың 40-ы OzgerTeam серіктесі атанған болатын.

Жобаның серіктестері арнайы оқудан өткеннен кейін, әріптестерімен бірлесіп өз жобаларын дайындап ұсынды.

Алдағы уақытта басқа өңірлердегі жобалардың келесі тобының қорғауы жоспарланған.

Біз қоғамдағы оң өзгерістерге ұмтылатын адамдарды, идеяларды және жобаларды біріктіреміз!