Өтініш беру

Тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушылары арасында Ұлттық "Auyl Cup" пікірсайыс турнирі өтеді

Тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушылары арасында Ұлттық
Фото: ozgerteam

Құрметті дебат сүйер қауым!

Көптен жоспарлап жүрген жобамызды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық!
2025 жылғы 20-21 маусым аралығында елімізде тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушылары арасында Ұлттық «Auyl CUP» пікірсайыс турнирі өтетінін хабарлаймыз. 
«Гүлденсе ауыл – гүлдене еліміз» атты турнир «Auyl» партиясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылмақ. 

Ұйымдастырушылары: «OzgerTeam» қоғамдық қоры,  ҚР ОМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және  Ш.Мұртаза ат. Халықаралық Тараз университеті ,«Auyl» партиясы және «Ansa» жеке қорының қолдауымен.✨

Турнирдің жалпы жүлде қоры - 2 000 000 теңге. 

Қатысушылар назарына:
- тек ауыл мектептерінің 8–10 сынып оқушыларынан құралған командалар; 
- Аймақтық іріктеу турнирінің жеңімпаздары; 
- Ұйымдастыру комитеті бекіткен өтінім формасын толтыру; 
- Тек қазақ лигасы; 
- Тек ауыл мен ауыл шаруашылығына қатысты қарарлар.

Формат: АПФ.

Аймақтық іріктеу турнирлері – 2025 жылғы 6 маусымға дейін өтеді. 

Ұлттық турнир - 21-22 маусым күндері Тараз қаласында өтеді. 

Мүмкіндікті жіберіп алма?