«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасы өңірлік серіктестер іздейтінін хабарлайды

Республиканың барлық өңірінде «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасы іске қосылды. Қоғам игілігі мен дамуына бей-жай қарамайтын белсенді азаматтарды біріктіруге бағытталған жоба өзіне өңірлік серіктестер іздейді. Жобаның Бас ұйымдастырушысы қоғамдық коммуникациялар, медиа-өнімдер, коммерциялық емес түрлі әлеуметтік жобалар және өзге де креативті индустрияда кең танымал «Sana» медиахолдингі.
«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасы - өзін және айналасындағыларды жақсы жаққа өзгертуге және қоғамның дамуына ықпал етуге ұмтылатын белсенді азаматтардың бірлестігі. Қазіргі уақытта бастама кеңею үстінде және әртүрлі ауқымды идеялар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы қоғамдағы патерналистік және тәуелді көңіл-күйді төмендетуге ниетті белсенді азаматтарды іздейді.
Жобаға қатысу өтінімдер 2023 жылдың 25 қыркүйегінен 15 қазанына дейінгі аралықта ozgerteam.com сайтында қабылданады. Өтінім беру нысанда өзіңіздің туған өлкеңіздегі немесе айналаңыздағы өзгерістер туралы өз көзқарасыңызбен жазбаша (ЭССЕ) немесе бейнеөтініш түрінде бөлісу міндеттеледі.
Іріктеуден өткен қатысушыларға «ÖzgerTeam» үлкен қауымдастығына қосылудың және дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашылады. Жобаға еліміздің 20 өңірінен барлығы 40 қатысушы іріктеледі.
Іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен қатысушылар республиканың тәжірибелі мамандары өткізетін арнайы оқыту бағдарламасына, хакатон және мастер-кластарға шақырылады.
Сонымен қатар, қатысушылар «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобалардың өңірлік өкілдері мен үйлестірушілері болуға және қоғам игілігіне бағытталған өз жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау алуға мүмкіндік алады.
Толық ақпаратты ozgerteam.com сайтынан немесе Ұлттық бастаманың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан _______________________
Толығырақ ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісі Жауынбай Таңшолпан 8 747 414 4004 нөмірі бойынша хабарласуға болады.