Өтініш беру

«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының аймақтық серіктестері 4 күндік арнайы оқыту бағдарламасынан өтті

«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының аймақтық серіктестері 4 күндік арнайы оқыту бағдарламасынан өтті
Фото: ozgerteam

 

Қоғамда оң өзгерістерге жол ашатын жобаларды қолдауға бағытталған «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының аймақтық серіктестеріне арналған 4 күндік интенсив  аяқталды.

Еске сала кетеміз, ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында жобаға республиканың барлық аймағынан 532 үміткер өтінім беріп, Байқау комиссиясының шешімімен ең үздік 30 қатысушы «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының ресми аймақтық серіктестері атанған болатын.

Іріктелген қатысушылар үшін, қатысушыларға қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға қажетті дағдыларды жетілдіруге арналған оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды.  Оқытуға еліміздің үздік сарапшылары, атап айтқанда,«НИКА» коммуникативті даму орталығының негізін қалаушы, сертификатталған тренер Меруерт Жүнісбек, танымал экономист, DESHT ITG жетекшісі, Қаржы магистрі (Дарем университеті) Қуаныш Жаиков, Танымал педагог-тренер, Teach for Kazakhstan жобасының амбассадоры Ескендір Бестай, тәжірибелі бизнес жаттықтырушы, Mini MBA in GR бағдарламасының авторы және кураторы Айжан Хамитова,
Коммуникатор, PR технолог (саясат, мемлекеттік басқару) Ақерке Берлібай, PHD Student, GSPP, Nazarbayev University Сабина Садиева және «Sana» Holding Ltd Бас директоры Даурен Кайсаров шеберлік сағаттар мен тренингтер ұйымдастырды.

Сондай-ақ негізгі оқыту модульінен өзге қоғам белсенділерімен, Жайдарман ойындарының негізін қалаушы, «JCI» ЖК Бас директоры Есен Елеукен, «Тіл қазына» КеАҚ Бас директоры, OzgeЕріс creative hub негізін қалаушы, белгілі қоғам қайраткері Мақпал Жұмабай және «Қонаев дәуірі» фильмінің режиссері Сәуле Темірбаева сынды танымал қоғам белсенділерімен кешкілік сұхбаттар ұйымдастырылды. Қосымша интенсив барысында қатысушыларға халықаралық NeiraMeta мектебі кешкілік медитация ұйымдастырды. Интенсивтің соңғы күні қатысушылар алған білім мен тәжірибелелерін практикалық сынау мақсатында 5 топқа бөлініп, қоғамдық маңызы жоғары әлеуметтік жобалар әзірледі.

 
Алдағы тұста, а.ж.  20-25 желтоқсан аралығында жобаның аймақтық серіктестері онлайн форматта Конкурстық комиссия мүшелеріне өз жобаларын қорғайды. 2024 жылдың қаңтарынан шағын гранттарға ие болған үздік 20 жоба іске қосылады.