Өтініш беру

Қазақстанда алғаш рет! USTAZ CUP - Мұғалімдерге арналған Ұлттық пікірсайыс турнирі

Қазақстанда алғаш рет! USTAZ CUP - Мұғалімдерге арналған Ұлттық пікірсайыс турнирі
Фото: ozgerteam

"OzgerTeam" қоғамдық қоры мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің қолдауымен, Мұғалімдер күніне орай Ұлттық пікірсайыс турнирінің өткізетінін хабарлайды.

Турнирге мектептердегі пікірсайыс қозғалысын дамытуға еңбек етіп жүрген педагогтар, тіпті мектеп директорлары қатыса алады.
Пікірсайыс технологиясы - оқушылар бойында шығармашылық, ораторлық шеберлік, сыни ойлау және кез келген жағдайларда шешім таба алу сынды заманауи маңызды дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін білім беру құралы. 
Бұл ерекше турнирге қатысып, өз дағдыларыңызды көрсетіңіздер!