Өтініш беру

Қазақстанның бар аймағынан жиналған мектеп оқушылары елдің одан әрі даму жолдарын пікірсайыста талқылады

Қазақстанның бар аймағынан жиналған мектеп оқушылары елдің одан әрі даму жолдарын пікірсайыста талқылады
Фото: ozgerteam

2025 жылғы 18-19 қазан аралығында Астанада мектеп оқушылары арасындағы «JasRepublicCup» ұлттық дебат турнирі өтті. Турнирдің мақсаты – жасөспірімдерді елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарын талқылауға тарту.

Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 40 фракция құрамындағы 120 үздік спикер «Заң және тәртіп» қағидасын іске асырудың; жасанды интеллектті енгізу және сандық елге айналудың тиімді тетіктерін ұсынды; сондай-ақ, азаматтарда үнемділік дағдыларын қалыптастырудың ұтымды жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, турнирдің бір раундында пікірсайысшылар болашақ парламенттік реформаның үздік моделін жасауда жарысты. Осылайша, дебат қауымдастығы болашақ парламенттік реформаны талқылауға алғашқылардың бірі болып үн қосты.

«Әділ, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбындағы турнир «OzgerTeam» Қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының «Respublica» партиясы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі және «Orta» жеке қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

«OzgerTeam» қорының құрылтайшысы және директоры Мұрат Жұманбай JasRepublicCup турнирі дәстүрге айналып, екінші рет өткізілгенін атап өтті. «Мектеп пікірсайысшыларының қазіргі буынының дайындық деңгейі мен дағдылары оларға жай ғана пікір таластырып ғана қоймай, сонымен қатар еліміздің дамуының негізгі мәселелерін іске асырудың өздерінің үздік кейстерін ұсынуға мүмкіндік береді», - деді ол турнирдің ашылу салтанатында.

Шараның ашылу салтанатында «Respublica» партиясы фракциясынан Мәжіліс депутаттары Олжас Құспеков пен Динара Наумова сөз сөйледі.

«Біз Қазақстанның жаңа буынын көріп отырмыз — білімді, батыл, әлемге ашық. Біздің мақсатымыз — жастарды жай ғана тыңдау емес, оларға өзін көрсетуге нақты мүмкіндік беру», - деп атап өтті парламенттік фракция мен «Respublica» партиясы Орталық аппаратының өкілдері.

Бұл жылғы турнир де екі кезеңнен тұрды: 2 мыңнан астам адам қатысқан іріктеу аймақтық турнирлері мен 200-ге жуық адам қатысқан ұлттық кезең.

Турнирдің барлық раундтары әлем мен Еуропа чемпионаттарында қолданылатын Әлемдік мектеп дебат форматы (WSDF) бойынша өтті.

 

Турнирдің жалпы жүлде қоры 2 300 000 теңгені құрады. Екі күндік зияткерлік шайқас нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ лигасында бірінші орынды Алматы қаласынан келген Зере Қапбас, Әсел Амантай және Ділназым Серіктен тұратын команда жеңіп алды. Команда Кубок және 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлдеге ие болды.

Екінші орын және 300 мың теңгелік ақшалай жүлдені Ақмола облысынан келген Гүлмира Байболсынова, Мархабат Мұрзағалиева және Батима Мұханбетқалиден тұратын команда жеңіп алды.

Үшінші орынның иегері 200 мың теңгелік ақшалай жүлдемен Шымкент қаласынан келген Жұлдыз Тұрсын, Асылым Сайлау және Аймен Бахит болды.

Қазақ лигасының жеңімпаздарын «Respublica» партиясынан Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова марапаттады.

Орыс лигасында бірінші орынды Алматы қаласынан келген Аруна Жүсіпова, Жамиля Мамадалиева және Асия Ткачевадан тұратын команда еншіледі. Олар Кубок және 500 мың теңгеге ие болды.

Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше Астана қаласы (Медина Әлжанова, Әдина Еділова, Әлихан Марат) және Абай облысы (Арұжан Мұздыбай, Далида Абдрахманова, Айсұлтан Мұрзағазин) командалары бөлісті. Олар сәйкесінше 300 мың және 200 мың теңгелік ақшалай жүлделермен марапатталды.

Үздік спикер атағымен және 100 мың теңгелік ақшалай жүлделермен Актөбе облысынан келген Күндыз Дауыл және Алматы қаласынан келген Жамиля Мамадалиева марапатталды.

Турнирдің үздік төрешілері ретінде Дана Айтқалиева және Томирис Морская танылды.

Қатысушылар үшін турнирден бөлек Қазақстан Республикасы Парламенты Мәжілісіне бару ерекше қызығушылық тудырды. Онда олар «Respublica» партиясы фракциясының депутаттарымен кездесті. Халық қалаулылары Нұргүл Тау мен Айтуар Кошмамбетов жас пікірсайысшыларға партия мүшелерінің заң шығарушылық қызметінің нәтижелері туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.