Өтініш беру

Қазақстанның ең үздік пікірсайыс клубына - 1 миллион теңге!

Қазақстанның ең үздік пікірсайыс клубына - 1 миллион теңге!
Фото: ozgerteam

2024 жылғы 1 қарашада "OzgerTeam" қоғамдық қоры ең үздік мектеп пікірсайыс клубын анықтайтын ұлттық байқау өткізетіндігін жариялады.

Бас жүлде – 1 млн. теңге. Басқа жеңімпаздар да ақшалай және құнды сыйлықтар алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші аймақтық кезеңде дебат клубтары тіркеуден өтіп, өздерінің жұмысы туралы ақпаратты ұсыну керек.

Осыдан кейін қатысушылар а.ж. 24 қарашаға дейін клуб туралы 3 минуттік бейнеролик дайындап, оны әлеуметтік желілерге жариялау қажет.

Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары Астанада өтетін және дебат әлеміндегі осы жылдың ең маңызды шарасы болатын финалға шақырту алады.

Ұйымдастырушылар мен пікір сайыс түлегі болып табылатын белгілі қоғам және саяси қайраткерлерден құралған арнайы крмиссия Қазақстанның барлық 20 аймағынан келген қатысушылардың ішінен ең үздік пікірсайыс клубын анықтайды.

Тіркеу сілтеме бойынша 2024 жылғы 14 қарашаға дейін ашық.

 

https://docs.google.com/forms/d/1NqlwBlJj_MngjdCEYZInbA8IhlB3OERHXMb9kg0ZKUg/edit