Қызылордалық NEET санатындағы жастарға арналған «Ozger Orda» жобасы

«Ozger Team» ұлттық бастамасы негізіндегі Қызылорда қаласында «Ozger Orda» өңірлік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қала аймағындағы уақытша жұмыссыз азаматтарды әлеуметтендіру, жұмысқа орналасуына және гранттық конкурстарға қатысуына ықпал жасау көзделген. Қазіргі уақытта І топ мүшелері оқуын сәтті аяқтап, конкурстарға өтінімдер дайындауда, ал ІІ топта оқыту жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, «Ozger Orda» әлеуметтік жобасы аясында аймақта 50 азаматты кешенді оқытудан өткізіп, әртүрлі бағыттағы конкурстарға қатысуына қолдау көрсетіледі.
Аталмыш жобаны Қызылорда қаласы бойынша серіктестеріміз жобалар бойынша тәжірибелі ментор Әліби Көшербай және «Qosyl» жастар орталығының директоры Медет Жорабек жүзеге асыруда.