Әділ, таза және қауіпсіз Қазақстанды құру жолдарын еліміздің жас пікірсайысшылары талқылады

Турнирлерді «OzgerTeam» қоғамдық қоры және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Республика партиясының қолдауымен ұйымдастырды.
Іріктеуге 2 мыңға жуық жас пікірсайысшы қатысты. Олар қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада 516 фракция (команда) құрамында ойын көрсетті.
Турнирдің тақырыбы «Әділ, таза және қауіпсіз Қазақстан» болып, қарарларда патриотизмге негіз болуы тиіс құндылықтар жүйесі, GPT чатының пайдасы мен зияны, сондай-ақ жеке меншік мектептьердегі білім сапасы сияқты өзекті мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, пікірсайысшылар Қазақстанның өмір сүруге ең қолайлы қалаларын анықтады, сондай-ақ қоғамдағы оптимизмді арттыру шараларын ұсынды.
Турнир жеңімпаздары мен номинация иегерлері дипломдармен және «Республика» партиясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Ең үздік 40 команда JasREPUBLIC CUP Ұлттық турниріне қатысып, 1 000 000 теңгені сарапқа салады. Естеріңізге сала кетейік, JasREPUBLIC CUP Ұлттық турнирі Республика күніне орайластырылған және 19-20 қазанда Астанада өтеді.